Біз үшін әрбір кітап – баламыздай қымбат, сәбиіміздей сүйікті Абай баспасы 2017 жылы құрылған, қазақтың рухани әлемін байытуға ниет еткен бірегей баспа. Кітаптар каталогы Қазақ классикасының жауһарлары Абай баспасы – арлы, ойлы, әділетті һәм мейірбан адамдардың топтасқан ұйымы. Баспаның басты ұстанымы – пайда табуға емес, ағартушылық қызметке негізделген. Хәкім Абайдың есімін иеленіп отырған баспа – ешқашан ардан аттамауға, кісінің ақысын жемеуге, біреудің ала жібін аттамауға және қиянаттан бойын аулақ ұстауға серттескен ізгі ниетті компания. құрылған жылы 2000 астам кітап 0 + астам оқырман 0 млн Кітаптармен танысу Біздің мақсатымыз – қазақ кітаптарының қорын молайтып, ұлтымыздың ұландарын оқуға, білім мен ғылымға шақыру. Міндетіміз – қазақтың ескі кітаптарына әлемдік деңгейдегі форматтарға сай жаңа өң, бөлек бояу, өзге тыныс беріп, жаңа буын оқырманының қолына жеткізу. Сондай-ақ қазақ авторларының жаңа кітаптарын әлемдік кітап индустриясының озық үлгілеріне сай, көз тартатындай етіп жарқыратып нарыққа шығару. Прайсты жүктеу Біз – ең әуелі кітап авторына және оның ардақты оқырманы үшін еңбек етеміз. Баспа көркем әдебиет бағытындағы кітаптарға басымдық береді (оның өзі көркем әдебиет деңгейіне сай болса ғана). Дегенмен қазаққа пайдалы деген қандай да бір кітаптар болса, оны да жарыққа шығаруға атсалысады. Бізге хабарласыңыз Біздің кемеміз – автор, мұхитымыз – оқырман. Әр кітап – оның авторының тікелей қатысуымен жасақталады.Кітаптың мұқаба дизайны мен кітаптың ішкі түптеу жұмыстары да, оқылған мәтіні де автордың көңілінен шығып, өзі батасын берген соң ғана баспаханаға кетеді. WhatsApp-пен байланысу Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез!” - Хәкім Абай Абай баспасынан шыққан кітабыңыз – тарихтың сөресінде тұрғай! Ақберен Елгезек"Абай" баспасының директоры