Дулат Бабатайұлы – Сандықтас

Жинақта сөз зергері Дулат Бабатайұлының өлеңдері мен дастандары,
мысал өлеңдері топтастырылған. Зар заман ақындарының көш басында
тұратын Дулат Бабатайұлының поэзиясы өзіндік ерекшеліктерге ие.
Халықтың бірлігі мен берекесін, еркіндігін аңсап өткен ақынның
шығармашылығы өз заманы мен қоғам бейнесінің көрінісін дөп басады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.