Оразақын Асқар – Сәулелі шақ

Халықаралық «Алаш», Түркі әлемінің «Ақбозат» және Мұқағали
атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасының
Мәдениет қайраткері, белгілі ақын Оразақын Асқар – ересектерге де,
балаларға да өлең жазатын қаламгер. Ақынның бұл жинағына туған
жердің әсем табиғатын қорғау, тіл мәртебесін сақтау, отансүйгіштік
сияқты әр алуан тақырыптағы өлеңдері енген.
Тілі жатық, бейнелі туындылары оқырманын ойландырып, толғандыратыны анық.