Бақытбек Бәмішұлы – Тұлпарлар дүбірі

Ақынның «Тұлпарлар дүбірі» атты бұл кітабына қазақ халқының
айтулы қолбасшылары мен батырлары Ер Жәнібек, Хан Кене – Кенесары
Қасымұлы, Бұқарбай батыр, Зуқа батыр, Оспан батыр, Генерал Зайсанов,
Ікей батыр, сондай-ақ ұлы Мұхтар Әуезов туралы көрнекті поэмалар,
балладалар, толғаулар еніп отыр. Аталмыш туындылардың барлығы
еліміздің баспасөздерінде (радио, газет-журналдар мен теледидарларда)
жарияланып, оқырман қауым мен әдебиет зерттеушілерінен оң бағасын
алған.