Ержан Алаштуған – Ахмет Байтұрсынұлы: Ұлттың ұлы ұстазы

Алаштың ақылманы, біртуар ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлыныңтуғанына 150 жыл толуына орай дайындалған осынау ұжымдық жинаққа кейінгі жылдары мерзімдік баспасөз беттерінде жіне ғаламторда жарияланған танымдық мақалалар, тұшымды толғамдар, сан алуан сұхбаттар, ғылыми зерттеулер мен мерейтой қарсаңындағы іс-шаралар жайлы шолулар, арда ақынның өз туындыларының бір бөлігі топтастырылды. Қайраткер қаламгердің асыл мұрасын жинақтап, жауһар жәдігерлерді бүгінгі ұрпаққа жеткізген алдынғы буын аға-апаларымызға, “қазаққа қазақты сүюді үйреткен” үлкен жүрек иесінің зерттелмеген қырларын зерделеп жүрген замандастарымызға, кітаптің жарық көруіне барынша жанашырлық танытып, жобамызды қолдаған азаматтарға шын жүректен шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. “Ұлттың ұлы ұстазы” аталған жинаққа енген әр материалдың авторы аталып, дерек көздеріне сілтеме жасалды. Ізгі ниет пен жан жылуын ұсынған ұжымдыұ жинақ аса қадірлі оқырман қауымынан оң бағасын алып, қазақтың қажетіне жарар деген ойдамыз.

Бөлісу