Бақытжан Советұлы – Хайп пен Лайк

Соңғы кезде өмірдің түйткілді мәселелерін түйреп, келеңсіз
көріністерді көсіп, сын-садағына алып жазып жүрген елімізге
танымал сықақшының «Хайп пен лайк» атты бұл кітабында әзіл
әңгімелері, сын-сықақ өлеңдері, мысалдар мен сахнаға арналған
интермедиялар, эпиграммалары мен скетчтері және балаларға
арналған мазақтамалар мен ертегілері топтастырылған. Бұған
дейін де үш сатиралық жинағымен жұртшылықтың жүрегін баурап алған автордың бұл кітабы да көпшіліктің көңілінен шығар
деген сенім бар.
Кітап қалың оқырманға арналған.

Бөлісу