Берік Жүсіпов – Эпикалық жыршылық

Фольклортанушы ғалым Берік Жүсіповтың монографиясында қазақ эпостнау ғылымы кенже зерттеген күрделі сана – эпик жыршы жанды орындау сәтінде пайда болатын туындатпа және шығармашылық егіз қосарланудың импровизация жасап, вариациялау барысында мәтін мен музыкада көрініс табу үдерісі, оның толайым эпикалық шығармашылыққа әсер ету мәселесінің тарихи, теориялық, техникалық, тәжірибелік ерекшеліктері эпикалық жыршылық құбылыс сақталған халықтардың дәстүрімен салыстыра, салғастыра зерделенген. Әлемдік фольклортануда орныққан озық әдіс-тәсілдерді қазақ ғылымының тәжірибесіне енгізу арқылы эпикалық жыршылық дәстүрге соны көзқарас қалыптастырған зерттеуде “Бегей батыр” жырының Жақсылық Елеусінов, “Қамбар батырдың” Қалдаш Сәдіров орындаған версиялары мен варианттары талданады. Кітап кәсіби фольклортанушы, әдебиетші, тарихшы, өнертанушы мамандарға, жоғары оқу орындарының тәліптері мен магистранттарға , қазақ руханиятын қадірлейтін көзіқарақты оқырманға арналады.

Бөлісу