Гүлжан Амангелдіқызы – Раушангүл

Автордың тұңғыш рет жарық көріп отырған жеке жинағына бұған дейін республикалық баспасөзде басылып, ұжымдық жинақтарға енген әңгімелерімен қатар, сиясы кеппеген туындылары топтастырылып отыр. Шығармаларда ауыл өмірі, балалық шақтағы мөлдір махаббат, жастар арасындаңы сезім және ел ішіндегі әлеуметтік көңіл – күй қырлары баяндалып, суреттеледі. Кітап көпшілік оқырманға арналған.