Дәурен Қуат – Қаңтардың соңғы шілдесі
Әдеби газет – журналдар мен интернет-басылымдарда жиі жарияланып тұратын Дәурен Қуаттың әңгімелері оқырман қауымды бейжай қалдырған емес. Мазмұны бай, тілі көркем де құнарлы болып келетін қаламгердің туындылары көнеден тамыр тартып, жаңашылдығымен жалт қаратады. Әдебиет сыншылары Дәуренді “Дәстүрлі бағытты ілгері оздырып, пост-модернистік үлгіде жазатын жазушы”, – деседі. ең бастысы, ол – әдеби ортада өзінің шеберлігін әйгілеген қаламгер. “Қаңтардың соңғы шілдесі” жинағына енген әңгімелері осы сөзімізге дәлел. Жинаққа сондай-ақ Дәурен Қуаттың қаламымен қарасөзге түсіп, оқырман қауымның ықыласына бөленген “Сейпілмәлік – Бәдіғұлжамал” хикаяты да енді.