Пернебай Дүйсенбин — Өмір-иірім

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің «Өмір-иірім» романы композициялық құрылым тұрғысынан да, жанрлық сипаты жағынан да әдеттегі шығармалардан бөлекшелеу бағытта жазылған. «Көне иірім» , «Қоңыр иірім», Беймаза иірім», Тұңғиық иірім», «Қанды иірім», «Тұнық иірім» атты алты бөлімнен тұратын романға әр алуан сипаттағы, әр бөлек кезеңдегі адамдар тағдыры арқау етілген. Кей тұста әңгімелік , кей тұста новеллалық, арагідік деректік реңкте, тәмсілдік тәсілмен жазылған шығармалар, бейнелеу тілімен айтсақ, өмір атты үлкен өзеннің сан құбылған иірімдері шығарма кейңпкерлерінің тағдыр-талайымен үндесіп, астарласып жатады. Сондықтан да осынау шығарма жанрының роман-мозайка атану себебін оқырмандарымыздың зерделейтіндігіне сеніміміз мол. Бұл жайт жазушының «Оқырмандарға арнау сөзінде» кеңінен баяндалады. Романның тілдік бояуы қанық, қызғылықты оқылады.