Нұрбек Нұржан – Тәнсіз гүлдер

“Тәнсіз гүлдер” – психологиялық – философиялық роман. Адам жанының қалың қатпарларына үңіліп, кейіпкерлерінің ішкі жан -әлемі суреттеледі. “Жағымды” әлде “Жағымсыз” деген, таңбаланған кейіпкер жоқ. Оқиғаға шым батып, жүрек пен сезімнің, нәпсі мен инсаптың , ақыл мен желіктің, жарық пен қараңғының, адасу мен шығар жолдың шарпысуларына тап боласыз. “Жаңбыр адамы” мен “Қиял сұлуының” құпиясын білуге асығасыз!.. Әңгімелер фантастикалық һәм мистикалық бағытымен ерекшеленеді. Қоғамдағы әр жанға ортақ тақырыптар қозғалып, оқырманға ой салады. Ал балаларға арналған әңгімелер жас оқырмандардың құялын шарықтатып, армандауға, оған ұмтылуға шақырады.

Бөлісу