Серік Нұғыман – Қиян

Серік Нұғыманның бұл кітабына бір топ әңгімесі мен екі хикаяты енген. Кейіпкерлерінің жандүниесіне терең үңіліп, ішкі рухани бейнесін, психологиялық портретін жасаған жазушының “Ақын” атты әңгімесі өнердің басты ” міндетін” ұмытып, дарынды данққа құл қылып, оның киесіне ұрынып, өзін “жоғалтып алған” бақытсыз ақын трагедиясына арналады. “Шөл” әңгімесі кісі өмірінің құны байлықта деп, соның соңына түсіп, “шөл далада” қалған пұшайман қыз туралы. “Жоқ іздеген жанда” жүйрік аты Мысықкерді жоғалтып, соны іздеп сандалған қарттың өмірі, ал “Қиянда” қаймана біреуге деген өштігі үшін қызын қиянға ала қашып, аяғында сан соғып қалған орманшы жайында сөз болады. Жинақ жалпы кітап сүйер оқырмандарға арналған.