Тұрсынбек Башар — Интертекст

Қазіргі қазақ әдебиетінде, оның ішінде поэзияда өзінің жаңашылдығымен һәм өзгешелігімен танылып жүрген бір шоғыр бар. Сол шоғырдың арасынан да бітімі бөлек таланттарды екшеп алуға болады. Өлеңге асқан махаббатпен, ізденімпаздықпен, табиғи болмысымен келген сирек жастың бірі — Тұрсынбек Башар. Оның модерндік өлеңдерінде аласұрған ойлар мен үнсіз үміт, өткенді аңсау мен болашаққа алаңдау, кіршіксіз махаббатқа деген сенім мен үрейлі түстердің картинасы — бір сөзбен айтқанда кез келген адам кешетін сезімдер астасып жатыр.

Бөлісу