Баймаханбет Ахмет – Көкөзек шақ

Бұл кітапқа автордың “Көкөзек шақ” романы мен бірқатар хикаят, әңгімелері еніп отыр. күні кешегі…”қар жамылып, мұз жастанып”, жыл он екі ай бойы елдің шетінде, желдің өтінде қоғам малының жайын күйттеумен жүретін малшылар қоғамның үлкен еңбек күші болған еді ғой. Міне , осы “екінші тың” еңбеккерлері – қойшылар қауымының кеңестік кезеңдегі, бертіндегі өмірі мен еңбегі, сол тұстағы шаруашылықтардың тыныс-тіршілігі, замана шындығы аталған романның басты арқауы – тіні болып өріледі. Сондай-ақ, кітаптың “Балаларға базарлық” бөлімінде бүлдіршіндерге арналған туындылар топтастырылып берілген. Бұл – аталмыш шығармалардың алғаш рет жарық көруі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Бөлісу