Ақберен Елгезек – Көлеңкелер күбірі

Автордың 2009 жылы шыққан «Көлеңкелер күбірі» атты
кітабы уақытында қазақ поэзиясы әлемінде елеулі жаңалық
ретінде қабылданып, өлеңсүйер қауымның оң бағасын алған еді.
Ол шақта кітаптың таралымы аз болғандықтан, осы атаумен
шыққан топтама көпшілікке жетпей қалды. Сол себепті бұл
жинақ ақынның 15 жылдық шығармашылығының көрінісі ретінде
өңделіп, қайта толықтырылды.
Ақбереннің қайта басылған бұл жыр жинағы да ардақты
оқырманның талғампаз көңілінен шығатынына бек сенімдіміз.