Абай Ораз — Бебеу

Поэзия патшалығына өзіндік үнімен келген талантты ақынның бұл
жинағына эпикалық, лирикалық сарындағы өлеңдері мен «Қара кемпір»,
«Ақбақай» поэмалары топтастырылды. Ақ кемпір, қара шалдың қолында
өскен дала перзенті жан-жаққа жүйрік қиялмен ой жүгіртіп, сергек сана,
парасатты пайыммен тобықтай түйін түйеді. Ақынның қазақы қасиеттер
аңқыған қай-қай туындысы да жүрекке жылы тиеді. Кітап жырсүйер
оқырманға арналған.

Бөлісу