Жангелді Немеребай — Камелия

Өлең өлкесінде өзіндік азаматтық үнімен, ерекше бояу-бедерімен танылып үлгерген талантты ақынның бұл жинағына кейінгі жылдары жазылған тың туындылары мен аудармалары топтастырылды. Жалпы жаратылыс, қоғамдық өмір құбылыстары мен сезім, адамгершілік қарым-қатынастың қадір-қасиеттері жайлы тұжырымды ой түюге бейім автор жырлары оқырманын бей-жай қалдырмасы анық. Жыр кітабы жалпы өлеңсүйер, өнерсүйер қауымға арналған.