Қорғанбек Аманжол -Сырұйық

Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты
Қорғанбек Аманжолдың «Сырұйық» атты бұл кітабына негізінен соңғы
бес-алты жыл бедерінде шынайы шабыттан туған өрнекті өлеңдері мен
көрнекті поэмалары топтастырылған. Уақытпен, заманмен бір
тыныстаған рухты жырларда туған ел мен жердің жалауы желбіреп,
мұңы мұңдалады, шоғы қозданады, ұлтымыздың жүрек шері
қозғалады. Ал «Шер кешу», «Мұсақұл балуан», «Жүз жыл»
дастандарында қазақ тарихының қатпарлы кезеңдері кеңінен
қамтылып, көркем суреттеліп, алаулы жырдың арқауына айналған.
Осынау жыр жинағын Қорғанбек ақынның өлең өлкесінде оқырман
ықыласына бөленер кезекті белесі деп кəміл сеніммен айтуға болады.