Толқын Қабылша — Жаңбырдағы сағыныш

Өмірдің өн бойынан өлмейтін таза сезімді көріп,
адалдықты іздейтін ақынның бұл жинағына автордың
әр жылдары жазылған лирикалық өлеңдері
топтастырылды.
Ақын жырларындағы ішкі толғаныс, нәзік
иірімдер, адам жанының қалтарыс-бұлтарысын
қалтқысыз ақтарып салатын саф шынайылық
оқырманын баурап, жүрекке жылы тиеді. Сұлу да
нәркес жырлардың қуаты кеудені кернеген
сағынышыңызды әлдилеп, жан мен тәнді толқытқан
өлең дейтін құдіретке тағы бір тәу ете түсесің.

Бөлісу