Асылбек Ихсан — Алып балық күрсінгенде

Жазушы, драматург Асылбек Ихсанның бұл жинағына хикаяттары мен әңгімелері енгізілді. Сүйегі ұлттық дүниетанымға негізделіп жазылған шығармаларының композициясы кейде күрделі болып көрінгені-мен, негізгі ой тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – белгіге байланып отырады. Көзі қарақты оқырман тереңге көмілген идеяны ашқан кезде, ұлттық көркем ой үлгілерінің стильденген қалпын таниды.