Дайырбаев Ермек Тұрсынұлы — Тұрмыс-салт жырлары

Басқа халықтар сынды, қазақ халқының да бағзы заманнан бері келе жатқан тұрмыс-тіршілігі, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бар. Бұлардың бәрі адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайларына байланысты туып қалыптасқан және сол негізде дамып отырған. Бабаларымыз ғасырлар бойына жасаған тұрмысы, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпығ салты жайында неше түрлі шығармалар шығарған. Аталмыш туындылар «тұрмыс-салт жырлары» деп аталады. Қолдарыңыздағы құрастырылған еңбекте ұлыс жырлары, бесік жырлары, төрт түлік туралы өлеңдер (тұрмыс-салт өлеңдері), жарапазан, арбау, бақсы сарыны, жалбарынуғ салауат айту, бата, бәдік (діни жоралғы өлеңдері), тойбастар, беташар, жар-жар, сыңсу (той салты өлеңдері), қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау (мұң-шер өлеңдері), және де өтірік өлеңдердің бірнеше нұсқалары топтастырылған.

Бөлісу