Бауыржан Әлқожа – Хұснихат

Өлең өлкесінде өзіндік өрнегі бар талантты ақын Бауыржан Әлқожаның бұл жинағына түрлі тақырыптағы өлеңдері еніп отыр. Мұнда байтақ Отанға, туған жерге деген іңкәр көңілі, жүрек үні сезіледі. Жырлары дөңгеленген дүние сырларына қанықтырып, тұңғиық сезімдерге шомдырады. Әрі қолдарыңыздағы “Хұснихат” – табиғат пен көңіл – күй үндестігінің көрінісі іспеттес. Мұнда ақын жаны даламен егіздей өріліп, бейнеленіп отырады. Ал, мәңгілік махаббат тақырыбындағы жырлары жан тербейді. Нәзік тебіреніске толы ішкі иірімі тереі шығармаларында тосын ойлар, тың образдар ұлттық реңктермен өрнектелген. Бұл сыршыл сезімнен туған тұнық лириканың жиынтығы, мөлдірлік пен сұлулықтың көркем галереясы. Кітап жырсүйер қауымға арналған.

Бөлісу