Дайырбаев Ермек Тұрсынұлы — Тұрмыс салт ертегілері

Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбының көптігі жағынан болсын, аса молы — тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер. Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана сезімі, арман — мүддесі суреттеледі. халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері талай ғасырдың жемісі. Қазақтың тұрмыс — салт ертегілері адамгершілікті ардақтай отырып, еңбек — кәсіп ету жайына айырықша көңіл бөледі. Бұл кітаптан оқырмандарымыз «Итбай хан», «Қарахан», «Тазшаның қырық өтірігі», «Құламерген», «Сұмырай хан», «Патшаның үш қызы», «Ұр,тоқпақ», «Жайық пен Еділ», «Аламан мен Жоламан», «Мамай батырдың арманы», «Алпысқа келгеннен ақыл сұра», «Құйым батыр» және тағы да басқа ертегілерді оқи алады.

Бөлісу