Еркін Шүкіман – Көзімнің қарасы

Бұл жинаққа ақын, ойшыл, композитор Абай Құнанбайұлының әндері мен күйлері жинақталып, домбыра бұрауына лайықталып нотаға т.сіріліп беріліп отыр. Еңбектің басты жаңалығы – өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін жинақталған ақынның музыкалық мұраларының түр-нұсқалары салыстырылып, бұрынғы – соңғы жарық көрген жинақтар мен ғылыми еңбектердегі және мұрағаттардағы материалдар негізінде кең ғылыми түсінік берілуі. Оқу құралы бастауыш, орта музыкалық оқу орындарының білім алушылары мен бакалавр және магистратура, докторантура дәрежесіндегі ізденушілерге арналған.