Көсемәлі Сәттібайұлы – Алдамаңдаршы адамдар

Жазушы Қалиқан Ысқақов: “Ж.Аймауытовты бұрын оқысам, мен басқаша жазар едім” депті. Өкінгені, қызыққаны – ау. Қазақы тұрмысты, қазақы психологияны, қазақы тілді, қазақы қимыл-әрекетті дәл Аймауытовтай айнытпай жаз,ан қазақ әдебиетінен әлі ешкімді көрген жоқпыз. Жалпы, енді Аймауытовтың шығармаларын мектептер үшін этнопедагогиканың аса құнды қазынасы ретінде танып, пайдаланатын уақыт жетті. Аймауытовтағы ұлттық болмыс Б.Майлинде жалғасады. Одан бергі дерде ұлтымыздың қаны таза қазақы қалпын Д.Исабеков, Т. Нұрмағамбетовтердің әңгімесінен көруге болады. Бұлардың әңгімелері ұлттық колориттің Аймауытовтан қалған классикалық үлгісі. Шығармаларына осыны үлгі, ұстын еткен Көсемәлі Сәттібайұлына қазақ прозасының белгілі шеберлері Ш.Мұртаза, М. Мағауин, С.Мұратбеков, М.Қаназ, Н.Дәутайұлы, М. Байғұттан бата алған талантты қаламгер. Ол өз шығармаларында ең әуелі суреткерлікті мұрат тұтады. сол арқылы бұрынғы соңғы классиктердің дәстүрлі үлгісін жаңашылдықпен алға апаруды ниет етеді. Бұған оның “Аран”, “Шаншудың балконы”, “Соғыстан кейінгі сойқан”, “Соп-тик-ти”, “Әбдіқадырдің моншасы”, “Шарбақтының жалғызы”, “Электорат”, “Қара мысықтың қасіреті”, Ескі кітаптардың иесі”, “Мал базардағы мұң”, “Алдамаңдаршы, адамдар” деген сияқты және басқа да әңгімелері дәлел. Кітап көпшілік қауымға және жастар мен оқушыларға арналған.