Мырзан Кенжебай – Өттің дүние

Қазақ өлеңінде өз қолтаңбасы бар белгілі ақын, «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты көрнекті көсемсөз шебері Мырзан
Кенжебайдың өлеңдер жинағы. Қоғамдық- әлеуметтік, саяси
тақырыптарға бей-жай қарамайтын қаламы қарымды журналист әр
жылдарда «Жұлдыз», «Заман-Қазақстан», «Алматы ақшамы»,
«Аманат», «Қайнар», «Таңшолпан» сияқты мерзімді басылымдарда
қызмет атқарған. Мінезді ақынның жыр жинағы жалпы оқырманға
арналған.