Нұрлан Мәукенұлы – Қиқулап ұшқан қызғышым

Көркем мінезді болмысымен қазақ поэзиясында өз қолтаңбасын
қалыптастырып, жырларымен аз ғана ғұмырында Алты Алаштың
ардақты ақынына айнала білген Нұрлан Мәукенұлының әр кезеңдегі
және әртүрлі көңіл күйдегі туындылары жетерлік.
Көркемдік бітімімен дараланып, заман мен қоғам, халық тағдыры,
ақынның жеке тағдыры мен ішкі сезімі біте қайнасқан қазақы сарын мен
жыраулық поэзия үлгісіндегі жырлары арқылы автор оқырман жүрегінен
орын алды.
Бұл жинақ қалың көпшілікке арналады.