Олжас Сүлейменов – Атамекен

«Атамекен» – «Қазақстанның Еңбек Ері», Халық жазушысы,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменовтің қазақтілді
оқырманның назарына тұнғыш рет 1972 жылы ұсынылған таңдамалы
жыр жинағының жаңа редакцияда дайындалған нұсқасы. Классик
қаламгеріміздің «Қыш кітабы» және «Аз һәм Мен» («Аз и Я») атты аса
танымал туындылары жақында ана тілімізде жеке кітап ретінде жарық
көрмек. Сондықтан жинақтың жаңа үлгісіне даңқты ақынның құтты
қаламынан туған «Қыш кітабы» сынды бірегей еңбегінен алынған
«Түйткіл» топтамасы енбеді.
«Атамекен» қамтыған алты бөлімдегі (алты кітаптан аударылған)
өміршең өлеңдердің тамаша тәржімасын жасаған – Қазақстанның халық
жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әли.