Салтанат Айбергенова – Ақын жары

Төлеген Айбергенов отыз жасында жасындай жарқырап өткен қазақтың белгілі ақыны. Ол осы азғантай ғана ғұмырында, оқырман қауым өлеңдерін іздеп, жатқа оқитын, поэзия әлемінде өз мектебін қалыптастырып кеткен, бес баланың әкесі, бірнеше кітаптың авторы болды. Қазіргі таңда кітаптары бірнеше рет қайта басылып, ақын туралы естелік жинақтар, өз өлеңінен төрт-бес есе көп арнау өлеңдер де жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Бұл кітап көпшіліктің қалауы, оқырманның сұранысы бойынша, сол асыл мұраны төкпей, шашпай халыққа тарту еткен, мәуелі ағаштай бес баласын жеткізген, ақынның өмірлік жары болған Ұрниса Айбергенованың бастан кешкен қызығы мен қиыншылығы мол өмірі, әдеби орта, араласқан айналасы жйныда. Бүгінгі бұл естелік, ертеңгі тарих. Мұндағы айтылған әңгімелер, қызықты оқиғалар, қаралы күндер қасіреті, ақынның шығармашылығының шығу тегі Үрниса Оспанқызының өз аузынан және жазып кеткен жазбаларынан алынды. Сонымен бірге, ақын жары туралы естеліктер мен арнау өлеңдер кірді. Ақын өмірде қандай болғанын, өлеңді қалай шығарғанын, кімдермен араласқанын білгісі келетін оқырманға қажетті кітап деп есептейміз.