Шәмшия Жұбатова – Өң мен түс

Поэзия жанрында жазылған «Өң мен түс» кітабы – екінші басылым.
Алғаш рет 2018 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласындағы
«Herdfordshire Press» баспасынан жарық көрді. Қазақстанда шығару
үшін арнайы рұқсат алған жинақ авторға үлкен танымалдық әкелгені
көңіл қуантады. Осы жинақ үшін автор Халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығына ие болды.
Қаламгер өз шығармаларында қазақы салт-дәстүрді, ұлттық рухты,
қоғамдық маңызды құбылыстарды жыр тіліне арқау етеді.
Жазу үлгісі ерекше болғанымен, елге, жерге деген сүйіспеншілік
қарапайым да ұғынықты тілмен оқырман жүрегіне жол табары сөзсіз.