Смағұл Елубай – Балалық шақ баяны

Қазақстанның халық жазушысы, «Түркі дүниесі» әдеби сыйлығының лауреаты Смағұл Елубайдың бұл жаңа жинағына балаларға
арналған «Балалық шақ баяны», ересектерге арналған «Қоңыр дәптерге
қонған ойлар» атты көлемді жаңа шығармалары енді. Сондай-ақ
жинаққа «Жаңа әлемдік тәртіп», «Жоюдың жойқын жоспары», «Ұлттық
қасіретті ұлықтау» атты таңдамалы мақалалары да енгізілді.