Сұраған Рахмет — Көлеңкенің сүгіреті

Өлеңдерімен қалың оқырманды, әдеби ортаны баурап
алған ақын Сұраған Рахметұлының бұл жыр жинағы да
көпшілікті бей-жай қалдырмасы анық. Сағынышы мен
тәтті мұңы, мынау әлемге деген іңкәр сезімі араласқан
әрбір өлеңі оқыған жанның жүрегін шымыр еткізіп,
көркем әлемге жетелей жөнелетіні ақынның бақыты деп
есептесек артық болмас.
«Көлеңкелер сүгіреті» кітабы барша өлеңсүйер
оқырман қауымға арналады.