Заида Елғондинова – Мәңгі ғашық өлеңмін

Қазақтың көрнекті ақын қызы . Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері, Алматы қаласына “Еңбегі сіңген” қайраткер Заида Елғондинова бірнеше жыр кітаптарының, бірнеше прозалық кітаптардың авторы. Ақын Заида Елғондинова жаңа ғасырға жаңа өлеңдерімен келді. “Мәңгі ғашық өлеңмін” атты бұл жаңа жыр жинағына ақынның сюрреалистік сарындағы көркем өлеңдері топтастырылды. Жаңа жыр жинағы “Менің махаббатым көктемгі шықта өмір сүреді”, ” Жүрегімнің тамшысы гүл демінде” деген үш бөлемнен тұрады. Ақын “Мәңгі ғашық өлеңмін” атты жыр кітабының әр бөлімінде махаббат, қоғам, заман, туған жер, туған ел тақырыптарын терең тебіреніспен көркем өрнектей отырып, астарлы ой айтады. Махаббат ғазалдарын сюрреалистік тың теңеулерменғ сезім иірімдерін сұлу сазбен астарлап, қазіргі заманның құпиялы құбылыстарын асқан шеберлікпен суреттейді.