Заманбек Әбдешев — Қараш батыр

Бұл кітапқа енгізіліп отырған қырғыздың ауыз әдебиеті нұсқалары халықтың ой-арманын , бақытты тұрмыс үшін қажымас күресін, қайғы-мұңын, қуаныш -сүйінішін, адамның жасампаз еңбегін, ақыл — парасатын, ерлік рухын, адал қарым-қатынастарын, махаббатын дәріптейді. Қырғыз ертегілері көркем бейнелеу бояуларының сонылығымен оқырманды еріксіз баурап алады. Бұл кітап негізінен жас оқырман қауым — балаларға арналған.